Үкіметтің 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы аясында 2018 жылдың жаз айында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жаңа талап елді мекенінінде заманауи үлгіде 600 орындық мектеп ғимаратының іргетасы қаланды.
2019 жылы қараша айынан бастап, көрші ауылдарға тасымалданып оқитын Жаңа талап елді мекенінде тұратын оқушылар жинақталды. Нәтижесінде № 19 А.Оразбаева және № 73 мектептен 360 астам оқушы білім ошағына қабылданды. Бастапқыда 360 оқушы, 18 сынып комплектісі болды.
Жоғарыда аталған мектептерден білікті ұстаздар жұмысқа тартылып, 2019 жылдың 13-желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына орай аудан әкімі М.Отаршиев және ауыл ақсақалдары мен зейнетке шыққан ұстаздардың қатысуымен мектептің ашылу салтанаты болып өтті.
Ең алғаш мектеп директоры болып, білім бөлімінде әдіскер қызметіндегі Баратов Нұрғали сайланды. 2022 жылдың ақпан айында отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан босады.
2023 жылдың қараша айына дейін мектеп директоры лауазымын оқу-ісі жөніндегі орынбасар К.Маханбетов пен тәрбие орынбасары К.Ахметова атқарды. 2023 жылдың қараша айынан бастап А.Жусипова басқарып келеді.
Осы төрт жыл көлемінде оқушылар мен ұстаздар аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Тіпті, бір ұстаз республикалық деңгейге шықты.
Қазіргі таңда мектеп заман талабына сай жабдықталған. Биылғы оқу жылын 324 оқушы, 21 сынып комплектісімен бастады. Бүгінде білім ошағында 50 мұғалім жұмыс істесе, оның 75% біліктілік санатын алған ұстаздар.