САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ АЛТЫН ҰЯМ

🔹Сарыағаш Ауданының Білім Бөліміне қарасты №77 жалпы білім беретін тірек мектебі ауданымыздағы іргелі білім ордасы. Тамырын тереңге жайып келе жатқан төрт жылдық мерейтойы мектеп ұжымының бірлігі мен ынтымақтастығы нәтижесінде кең көлемде аталып өтті.
🔅Іргетасы 2020 жылы қаланған,қоғаммен біте қайнасқан жас шаңырақтың тарихы тереңде жатқан шежіресін аудан жұртына таныстырып, білгізіп, жеткізу мақсатында Тәуелсіздіктің 32 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған төрт жылдық мерейтойы мектеп басшысының бастауымен, аудан әкімі және ауылдың беделді азаматтарының қолдауымен «Самғатқан сан қыранды алтын ұя» тақырыбымен кең көлемде ұрпақтар сабақтастығына үлгі, өнеге боларлықтай іс-шара өткізілді.
🔰Іс-шара барысында осы жылдар ішінде жас шаңырақтан мемлекетіміздің мүддесіне, мақсат-мұратына тегеурінді тірек бола білген түлектер мен сол кезеңде балаларға білім нәрімен сусындатып, дәріс берген ұлағатты ұстаздар туралы деректер жиналып,олардың мектебіміздің, ауданымыздың, Республикамыздың абыройын асқақтатып ұлт мақтанышына айналып отырғандығына көз жеткізді. Мектеп тарихын әр бес жыл аралығында тынымсыз еңбек еткен ұстаздар мен сол кезеңдегі түлектерге жеке парақтар арналып, арнайы көрмелер, стендтер мен слайдтар жасалынды. Сонымен қатар, «Алтын көрме» акциясы ұйымдастырылап, көрме аллеясы құрылды. Көрмеге оқушылар мен мұғалімдердің қолөнерлері, шығармашылық жұмыстары қойылып, қонақтарға таныстырылды.
САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ АЛТЫН ҰЯМ
🏆Сондай-ақ мереке шақырылған мектептер арасында спорттық сайыстан кім мықтыны анықтады.
✅Мерейтой мектеп іргетасын қалауда қажырлы еңбектерінің арқасында сондай-ақ демеушілік көрсеткен тұлғалардың атына берілген кабинеттердің ашылуымен жалғасын тапты. Сол сияқты мектептің басқа да мақтаныштары тарихта жазылған асқақ аттарымен кейінгі жас ұрпақтарға үлгі-өнеге болатыны анық.
🔷Іс-шараның екінші бөлімі келген қонақтар мен көрермендерге, яғни, аудан жұртшылығына 5 жылдық тарихы бар жас буын мектебін баяндама арқылы және бейнетаспа көрсетіп, мектеп оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен мерекелік концерт қойылып, әуезді кеш ұйымдастырылды. Жыл ағымына қарай сазды әндер орындалып, мың бұралған биші ұлдар мен қыздар нақышына келтіре билеп, шақырылған қонақтардың артта қалған балалық, жастық шақтарына көз жүгіртті.
🔶Іс-шара соңында мектеп ұжымы өздерінің дайындаған хорын тамашалап ерекше ризашылықпен алғыс білдірген қонақтар қимас көздерімен қош айтысып тарасты.
🇰🇿Мәртебесі бір асқақтаған киелі білім ордасы алдағы уақытта да Мәңгілік еліміздің мақтаны болар Ұлы даланың ұрпақтары, мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосатынына сенімі мол. Жас ұрпақ шаңырақтың 4 жылдық мерейтойы жалғасын тауып, 100 жылдыққа ұлассын демекпін.