«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС

«ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС
Сарыағаш аудандық адами әлеуеті дамыту бөліміне қарасты №77 жалпы орта білім беретін мектеп КММ-де семинар қарсаңында денешынықтыру пәні ұйымдастыруымен «Толағай» спорттық сайысы өткізілді. Сайыс барысында жылдам әрі шапшаң қимылдап, белсенділік танытқан топтар марапатталды.
Спорттық мәдениетті меңгеру мен саулық сақтауға бағытталған шараның өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі зор болғаны сөзсіз.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеу, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауаттану — адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға машықтану.